Тунис жағалауында мигранттары бар қайық суға батып кетті: 4 адам қаза тауып, 23 адам жоғалды
8 сәуірде Жерорта теңізін Италияға кесіп өтпек болған кезде Тунис маңында қайық суға батты. Соның салдарынанн төрт адам қаза тауып, кем дегенде 23 адам жоғалып кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian сайтына сілтеме жасап.

Жағалау күзеті Оңтүстік Сфакс қаласынан сол қайықтан тағы 53 адамды құтқарды, олардың екеуі ауыр халде.
Африка мен Таяу Шығыстағы кедейлік пен қақтығыстардан қажыған халық Еуропада жақсы өмір сүреміз деген үмітпен теңізге қайықпен қашады. Соңғы апталарда ондаған адам жоғалып кетті және Тунис жағалауында бірнеше адам суға батып өлді.
Алғашқы үш айда 14000-нан астам мигрант Еуропаға қашып жатқан жерінен ұсталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бес есе көп.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"