Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түнгі клубтағы каскадердің өлімі: Жайдарбек Күнгүжінов бір жыл бұрын әріптесінен айырылғанда аяқ-қолы істемей қалғанын айтып берді

Nomad Stunts каскадерлер тобының негізін қалаушы, актер әрі каскадер Жайдарбек Күнгүжінов әріптестерінің жұмысы өте күрделі екенін ескере келе, былтыр қайтыс болған каскадерді даттағандарға ренішін жеткізді. Қасым Жұмағожин былтыр қайғылы жағдайда көз жұмғанда Күнгүжінов шетелдегі фильм түсірілімдерінен елге орала алмай, шарасыздың күйін кешіпті. Жүйке жүйесі сыр беріп, аяқ қолы істемей қалған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Марқұм Қасым Жұмағожин Nomad Stunts тобына мүше болған ең алғашқы каскадерлердің бірі. Оның түнгі клубта жүрегі тоқтап қайтыс болғанын Күнгүжінов Жаңа Зеландияда диснейлік "Мулан" фильмінің түсірілімінде жүргенде білген. Ол қаралы хабарды ести сала елге оралу туралы шешім шығарған. Бірақ кино продакшн актер ретінде фильмде бой көрсеткен соң, жобаны тастап кете алмайтынын түсіндіріп, рұқсат бермеген екен. 

"Продакшнға келіп, менің адамымның қаза тапқанын, елге ұшу керектігін айттым. Киноға түсіп жатырсыз, актерсіз, кете алмайсыз деп рұқсат бермеді. Қиын болды. Денемнің сол жағы, алдымен сол жақ қолым, сосын аяғым істемей қалып, ауруханаға жаттым. Ұлым жүректен бе екен деп қорықты. Бірақ жүйкеден екені анықталды. (...) Екі-үш аптадай емделдім. Мені елге жіберген жоқ. Жігіттермен сөйлесіп, барынша көмектесуді сұрадым", - деді ол. 

Жайдарбек Күнгүжінов каскадерлердің жұмысы өте ауыр болған соң, жүректері шыдамай қалатынын тілге тиек етті. Каскадердің сөзінше, адамдар қолы немесе аяғы сынса да, үн шығармай жұмыс істей беретін әріптестерінің тапқан табысы қандай еңбекпен келетінін білгенде артық сөз айтпас еді. 

Талқылау