"Жұтып қойып қайтып шығарды": 23 жастағы жігіт киттің ұртына түсіп, одан сап-сау шықты (видео)
Чилиде өркешті кит 23 жастағы жігітті қайығымен жұтып, кейін аузынан қайта шығарып жіберген. Жігіт өркешті киттің аузына тап болған сәтті еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: BBC/Видеодан скрин
Сенбі күні Адриан Симанкас Чилидің оңтүстігіндегі Пунта-Аренас қаласының маңындағы Магеллан бұғазында қайықпен жүзбек болған. Жүзіп келе жатып арқасынан қатты соққыны сезіп, көкке көтерілгенін сезген. Адриан көзін ашып-жұмғаны сол еді киттің аузында екенін түсінді.
“Шырышты қабаттың бетіме тигенін сездім. Сол сәтте соққы болады деп ойлап, көзімді тарс жұмып алдым. Бірақ ешқандай соққы болмады. Мені айналдырғандай болды, сөйтіп мен арқаммен жатып қалыппын. Косатка мені жеп, жұтып қойған екен дедім. Алайда мені аузынан қайта шығарып тастаған соң оның косатка емес, өркешті кит екенін білдім”, – дейді Адриан Симанкас.
Океанариумда алып балық аниматор болып жұмыс істейтін қызды жеп қоя жаздады (видео)
Оқыс оқиға кезінде Адриан мен бірге оның әкесі Делл Симанкас та болған. Ол бір сәтте ұлынан көз жазып қалғанын айтады.
Адриан бірнеше секундтан кейін судың бетіне шыққан. Ол жыртқыш осылайша үнсіз тілдескісі келген болар деп топшылады.
“Өліп қалдым деген ой келгенде қатты қорықтым. Өйткені ештеңе істей алмаймын деп ойладым. Бірақ судың бетіне шыққанда әкеме бір нәрсе болып қала ма деген үрей болды”, – дейді 23 жастағы жігіт.
Ол судың бетіне шыққанда өзінің қайда екенін түсінбеген. Сондықтан оның әкесі Адрианды сабырға шақырып, өзіне қарай жүзу керегін айтқан.
Болған жағдай қайықтың қозғалмайтын артқы бөлігіне орнатылған камераға түсіп қалған.
Бұған дейін алып кит жас жігітті әкесінің көз алдында жұтып қойғаны туралы жазған едік.