Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда туған қызын зорлағаны үшін сотталған педофил отбасын қарызға белшесінен батырып кетті

Қазақстандық мыңдаған әйелдің банктер алдында қарызы бар, бірақ оған төлейтін ақшасы жоқ. Бұл ретте олардың атына қарызды күйеулер ресімдеген. Бірақ Сандуғаштың жағдайы басқалардан өзгеше.  Жақында әйел 15 жыл бірге өмір сүрген және үш баланы туып берген күйеуі ұзақ уақыт бойы ең кіші қызын зорлағанын білді. Ол жазаланды, бірақ күйеуінің несиесін Сандуғаш төлеуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

35 жастағы Сандуғаш қазақстандықтарға жүгінді. Айтуынша, оның 3 баласы бар, ал күйеуі педофилдік қылмысы үшін 15 жылға сотталған. Ер адам туған қызын зорлаған. Сандуғаш БАҚ-пен тіклей байланысудан бас тартты, бірақ видеожазба жариялады. Сөзіне қарағанда, азғын күйеуі ұиын жағдайда қалдырғанымен қоймай, отбасының басына несие жүктеп кеткен.

"Жалақым небәрі 25 мың теңге. Оның жартысын банк кредитке алып қалады. Қазір уақытша біреудің жалдамалы пәтерінде тұрып жатырмыз. Қарызымды қалай төлерімді білмеймін", - деді Сандуғаш.

Әйелге SVET қайырымдылық қоры көмектесуге тырысып жүр. Белсенділердің айтуынша, Сандуғаш мұндай жағдайға тап болған жалғыз әйел емес. Жүздеген әйел ай сайын өз атына несие рәсімдеп, ақшасын күйеуіне береді. Соғында өздері банк алдында борышкер болады. 

"Күйеуі кетіп қалуы, көз жұмуы, ажырасып кетуі мүмкін. Соңғы жағдайды алсақ, педофил, зорлаушы да болуы мүмкін. Несиені төлейтін екінші адамның болмауына түрлі себептер бар. Әрине салыстыру керек, әйл бұл несиені төлей ала ма, жоқ па", - деді Кирилл Флаймен.

Белсенділер, көп балалы және аз қамтылған отбасы бар әйелдерге несие рәсімдеудегі бақылауды қатаңдату керек деп есептейді. Сонымен қатар, олар балаларға кішкентай кезінен зорлықтың не екенін және оның қандай түрлері бар екенін түсіндіру керек деп есептейді. Қазір жоба үкіметте қаралып жатыр.

Өз кезегінде банк Сандуғашқа көмектесуге уәде берді. Алайда, әрбір жағдай жеке қаралады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр