Триатлоннан Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Ресейден келген легионер спортшы Екатерина Шабалина триатлоннан Қазақстан құрамасының қоржынына олимпиада лицензиясын салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2021 жылы Қазақстанның азаматтығын алып, Қазақстанның атынан өнер көрсете бастаған Екатерина Шабалина триатлоннан Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. 26 жастағы спортшыға әлемдік рейтингтегі нәтижесіне қарай олимипиада ойындарының квотасы берілді. Екатерина осы уақытқа дейін Азия чемпионаты мен Еуропа кубогінде жеңімпаз атанған еді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында Париж олимпиадасының 55 жолдамасы бар. Бұған дейін стенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Әсем Орынбай Парижде өтетін олимпиада ойындарының жолдамасына ие болғанын жазған едік.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты

