ШҚО-да ерекше балаларға арналған ойыншықтар жасалды

Барлығына арналған VALEO модульдік интеллектуалды-дамыту жүйесі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ойлау қабілеті, қарым-қатынас дағдылары мен ұсақ моториканы дамытуға көмектеседі.
Жиынтық бірнеше модульден тұрады. Mini-Valeo 322 элементтен құралған және шағын топтарда сабақ өткізуге арналған. Оның көмегімен балалар зейінін, есте сақтау қабілетін және логикасын дамытады. Сенсомоторлық модуль қимыл-қозғалыс үйлесімін, тепе-теңдікті және кеңістікті бағдарлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. "Ұлттық өрнек" интерактивті жиынтығы ұлттық ою-өрнектермен таныстыруға және көркемдік-эстетикалық талғамды қалыптастыруға бағытталған.
Жобаның авторлары – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің ғалым-педагогтері. Дамытушы жиынтықтар әлеуметтік кәсіпкерлік бағыты аясында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жасалды.
Әлеуметтік жобаға “Қазцинк” компаниясы қолдау көрсетті. Жаңа жиынтықтар ерекше балалар білім алатын Өскемен, Риддер және Алтай қалаларындағы 17 мамандандырылған балабақша мен мектепке табысталады.
“Әрбір бала білім алып, дамып, өз қабілетін ашуға мүмкіндік алуға лайық. Бұл жоба ерекше балалар үшін анағұрлым қолайлы әрі қызықты оқу ортасын қалыптастыруға көмектеседі. Балалармен қатар, оларға күн сайын білімін, мейірімі мен қамқорлығын арнап жүрген ата-аналар мен педагогтердің де қолдау алуы маңызды. Біз балаларға жаңа мүмкіндіктер ашатын осындай бастамаға атсалысқанымызға қуаныштымыз”, – деді компанияның әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев.
Жарнама құқығында
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады