Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Си Цзиньпин араға жеті жыл салып Солтүстік Кореяның президентімен кездесті

Си Цзиньпин Ким Чен Ын
Фото: Синьхуа

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде Корей Халық Демократиялық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ынмен қол алысты. Ким Чен Ын Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы Қарсылық соғысындағы жеңістің және Дүниежүзілік антифашистік соғыстың 80 жылдығына арналған еске алу іс-шараларына қатысу үшін Қытайға келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Синьхуаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қытай мен Корей Халық Демократиялық Республикасының көшбасшылары бейсенбі күні екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға уәде берді.

Ким Чен Ын Қытайға Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы Қарсылық соғысындағы Жеңістің және Дүниежүзілік антифашистік соғыстың 80 жылдығына арналған еске алу іс-шараларына қатысу үшін келген.

“Бұл сапар КХДР-дың Екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінің нәтижелерін қорғауға деген берік ұстанымын көрсетіп, екі партия мен екі елге достық пен ынтымақтастық қатынастарын одан әрі дамыту үшін маңызды мүмкіндік берген. Қытай мен КХДР – жақсы көрші, адал дос және бір-біріне сенімді серіктес елдер, олар ортақ тағдырды бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетеді. Қытай Коммунистік партиясы мен Қытай үкіметі екі ел арасындағы дәстүрлі достыққа ерекше мән береді. Қытай-Солтүстік Корея қатынастарын қолдауға, нығайтуға әрі дамытуға дайын”, – деді Си Цзиньпин.

Ол сондай-ақ Қытай КХДР-мен жоғары деңгейдегі алмасулар мен стратегиялық байланыстарды жандандыруға, партиялық және мемлекеттік басқару тәжірибесімен алмасуды тереңдетуге, өзара түсіністік пен достықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Си Цзиньпин Қытай мен КХДР халықаралық және өңірлік істерде стратегиялық өзара іс-қимылды күшейтіп, екі елдің ортақ мүдделерін қорғауы тиіс екенін атап өтті.

Ким Чен Ын өз тарапынан жапон басқыншыларына қарсы соғыс кезінде КХДР мен Қытайдың бұрынғы буын басшылары берік достық орнатқанын, бұл достықты екі ел де ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тиіс екенін атап өтті.

Ол халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, КХДР мен Қытай арасындағы достық өзгеріссіз қалатынын ерекше айтып, КХДР екіжақты қатынастарды үздіксіз тереңдетуге және дамытуға берік ниетті екенін мәлімдеді.

“КХДР Қытаймен екі партия және екі мемлекет деңгейінде барлық бағыттар бойынша алмасуды нығайтуға, сондай-ақ партия құру және экономикалық даму сияқты салаларда тәжірибе алмасуға дайын. Бұл КХДР-дың партиялық және мемлекеттік құрылысын дамытуға ықпал етеді. КХДР Қытаймен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетіп, жаңа нәтижелерге қол жеткізуге дайын”, – деді Ким Чен Ын.

Си Цзиньпин сондай-ақ Ким Чен Ынмен шай ішіп, оның құрметіне банкет ұйымдастырды. Іс-шараға Қытайдың жоғары лауазымды шенеуніктері Цай Ци және Ван И қатысты.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 08 Маусым, 2026 16:35