Трендке айналған дубай шоколады жаңғақ тапшылығына себеп болды
Фото: thesun.co.uk
Бүкіл әлемде трендке айналған дубай шоколады жаңғақ тапшылығына себеп болды. Тәттінің құрамындағы бұл өнімнің бағасы қымбаттап кеткен. Тіпті кей сауда орындары шоколадты шектеп сатуға мәжбүр болып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Financel Times баспасының мәліметінше, Дубай шоколадының құрамындағы жасыл жаңғақты ең көп экспортқа шығаратын АҚШ-тың өзі тығырыққа тірелген. Ал тапшылық бағаға әсер етіп отыр. Мысалы, өнімнің жарты келісі бір жылда 10 долларға (5 мың теңгеге) дейін қымбаттаған. Ал шоколадқа сұраныс әлі де азаяр емес. Соның салдарынан кей елдердің дүкендерінде бір адамға бір ғана тәттіден артық сатпайтын болған.
Айта кетейік, Дубай шоколады 2024 жылы блогерлер ең көп жарнамалаған өнімдердің біріне айналған.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада дубай шоколадын сатамын деген сылтаумен тапсырыс берушілердің ақшасын алып, алдап кеткен алаяқ 3 жылға сотталғаны туралы жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар