Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі Польшадан экстрадицияланды

2024 жылдың 23 қаңтарында бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы елшілігінің көмегімен Польшадан трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украина азаматын экстрадициялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Бас прокуратура

Ол 2022 жылы құрған қылмыстық топ Қазақстан аумағында аса ірі көлемде психотроптық заттарды өндірумен және сатумен айналысқан. Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі – 1 тоннадан астам, ал олардың заңсыз айналымдағы жалпы құны – 1,5 миллиард теңге.

Аталған қылмыстарды жасағаннан кейін ұйымдасқан топ мүшелері ұсталды. Ал оның жетекшісі жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланған болатын. Былтыр тамызда күдікті Польша аумағында ұсталды. ҚР бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол экстрадицияланып, қазір Астананың тергеу изоляторына қамалды, – делінген прокуратура хабарламасында.



Айта кетейік, аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Еске салайық, Испания Корольдігінен қаржы пирамидасының қызметіне байланысты трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысқаны үшін күдіктіні экстрадициялады. Ол 2016-2017 жылдар аралығында заңсыз материалдық пайда көру мақсатында басқа елдердегі адамдар тобымен "Questra Holding" компаниясын құрды деген күдікке ілінген. Бұл топ 800-ден астам азаматты алдап, 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Талқылау