Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамптың жаппай депортациялау туралы мәлімдемесінен соң Канада мигранттарды қабылдауға дайын екенін айтты

Дональд Трамп АҚШ-тан 11 миллион адамды шығаратынын айтқан соң, Канада полициясы шекарадан өтетін мигранттарды қабылдауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: immigrant.today

Бұған дейін Дональд Трамп Америка тарихындағы ең ірі депортацияны жүзеге асыратынын айтқан еді. Осыдан кейін Канада оңтүстік шекарасында мигранттардың көбеюіне дайындалып жатыр.

Трамптың бірінші мерзімі кезінде ондаған мың гаитилік Канадаға қашып кеткен. Олардың көпшілігі Роксхэм-роуд қиылысы арқылы өтті. Ол әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын қауіпсіз кесіп өтуге тырысатын босқындар үшін маңызды рөл атқаратын  ауылдық жол өткелі.

Канаданың корольдік полициясы көші-қонның өсуімен күресуді жоспарлап отырғанын айтты. Егер шекарадан өткендер баспана сұраса, агенттік оларды Америка Құрама Штаттарына қайтармайды. Керісінше олардың өтініштері осындай 250 мың істің ішінде қаралады. Істің орташа өңдеу уақыты 44 ай.

Сарапшылар мигранттар өткелінің жабылуы салдарынан шарасыз отбасылар қауіпті жолдарды таңдайды, деп қауіптенеді.

2022 жылдың қаңтарында төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде бір сәби Канададан Америка Құрама Штаттарына қарай шекарадан өтпек болған кезде қайтыс болған еді. Полицияның хабарлауынша, адамдар ауа температурасының -35 градусқа дейін төмендеуі салдарынан мерт болған. 

Талқылау