Трампқа бизнес саласындағы алаяқтық үшін 30-дан астам айып тағылды
Дональд Трампқа 30-дан астам іскерлік алаяқтыққа қатысты айып тағылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап.

Нью-Йорктегі алқабилер АҚШ-тың бұрынғы президентіне айып тағуға қатысты дауыс бермес бұрын, олар аты-жөні құпия сақталған куәгердің 30 минуттық айғақтарын тыңдаған.
Айыптау қорытындысына жауап ретінде Трамп бұл "тарихтағы ең жоғары деңгейдегі саяси қудалау мен сайлауға араласудан басқа ештеңе емес” деп мәлімдеме жасады.
"Менің ойымша, бұл – Джо Байденге ауыр тиетін соққы. Америкалықтар мұнда радикалды солшыл демократтардың не істеп жатқанын жақсы түсінеді. Қозғалысымыз бен партиямыз – біртұтас. Алдымен олар Элвин Браггты жеңеді, Содан кейін біз Джо Байденді жеңеміз. Біз Американы қайтадан ұлы ету үшін осы адал емес демократтардың барлығын қызметінен босатамыз!" – деп жазды Трамп.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар