Трамп Украинадағы өкіліне 100 күнде соғысты тоқтатуды тапсырды
Трамп Украинадағы арнайы өкілі Кит Келлогқа Украинадағы соғысты 100 күнде тоқтатуды тапсырды. Бірақ бұл тапсырма орындалатынына әзірге ешкім сенбейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Getty images
Ресейліктер Трамп соғысты тез арада тоқтатады дегенге сенбейді. Алайда сарапшылар бұл Трампттың Украинадағы өкіліне берген тапсырмасын келіссөздердегі алғашқы қадам деп санайды.
"Келлогг оған келіссөздер процесінде кеңес береді, бірақ Трампқа кеңес керек екені анық емес", – деп жазды БАҚ.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Украинада алты айда атысты тоқтатуға қол жеткіземін деді, ал сайлау науқаны кезінде ол президент болып сайланғаннан кейін 24 сағатта соғысты тоқтататынын бірнеше рет айтқан.
Трамп егер Путин Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөздерден бас тартса, Ресейге қарсы жаңа санкциялар салу мүмкін екенін айтты.
"Біз Зеленскиймен сөйлесіп жатырмыз. Біз жақында президент Путинмен сөйлесеміз және мұның бәрі қалай болатынын көреміз", – деп қосты Трамп.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп Путинмен кездесуге дайындалып жатқанын айтқан едік.