Трамп тарифтерді бір айға тоқтатып, Мексика АҚШ шекарасына әскерін жіберетін болды
АҚШ пен Мексика сауда тарифтері бойынша уақытша келісімге келді. Дональд Трамп Мексика тауарларына салынатын баж салығын 30 күнге кейінге қалдыруға келісті. Ал Мексика шекарадағы бақылауды күшейтуге және есірткінің заңсыз тасымалдануын тоқтатуға уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: GlobalLookPress
Мексика президенті Клаудия Шейнбауммен телефон арқылы сөйлескен Трамп келіссөздерді "достық келісімі” деп атады. Сондай-ақ тараптардың ұзақ мерзімді келісім бойынша жұмысты жалғастыратынын айтты. Кейін ол бұл келісімді Truth Social әлеуметтік желісінде растады.
Мәміленің шарттары:
Мексика солтүстік шекарадағы қауіпсіздікті күшейту үшін Ұлттық гвардияның 10 000 әскерін жібереді;
Америка Құрама Штаттары өз кезегінде Мексикаға қару-жарақ контрабандасына жол бермеуге уәде берді.
Екі ел қауіпсіздік және сауда мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істей бастайды.
"Бүгіннен бастап баждар бір айға тоқтатылды", – деп растады Шейнбаум X әлеуметтік желідегі парақшасында.
Трамп 4 ақпаннан бастап Мексика мен Канададан келетін барлық тауарларға 25% импорттық баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Олар үшін мөлшерлеме 10% болады. Сондай-ақ АҚШ Қытай өнімдерінен бұрыннан барларға қосымша 10 пайыздық баж салығын енгізеді.