Трамп коронавирустан болатын өлім-жітімді үштен бірге азайтудың әдісін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп елде жүргізілген зерттеулерге сәйкес, коронавирусты аурудан жазылған науқастардың плазмасымен емдеу өлім-жітімді үштен бірінен астамға төмендетеді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Трамптың айтуынша, вирусты осы әдіспен емдеу бағдарламасына АҚШ-тың 100 мыңнан астам тұрғыны қатысқан. Ол сонымен қатар клиникалық зерттеулерге 48 миллион доллар бөлінгенін атап өтті. Мемлекет басшысы тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) плазмамен емдеуді қауіпсіз және тиімді деп санайтынын және қаражатты қолдануға рұқсат бергенін айтты.
Бұған дейін Трамп коронавирусты емдеу үшін жаңа тиімсіз препаратты қолдануға кеңес берген еді. Американдық көшбасшы FDA-ға аурумен күресте олеандр сығындысын қолдануды мақұлдауды ұсынды. Олеандрдің коронавируспен ауыратын науқастарды емдеудегі тиімділігі туралы расталған деректер жоқ
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”