Трамп Қытай зертханасынан коронавирустың әлемге таралуын түсіндірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың Ухань қаласындағы  зертханасынан коронавирустың пайда болғанын көрсететін ақпараттар бар екенін айтты. Бұл туралы ол Ақ үйде өткен брефингте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

трамп

Оның айтуынша, инфекция Ухань вирусология институтынан таралған. Бұл ретте америкалық көшбасшы осы теорияны растайтын қандай да бір мәліметтерді хабарлаудан бас тартты.

Трамп вирустың шығу тегі туралы жалғыз нұсқа емес екенін айтты. "Барлық сауалға жауаптар көп ұзамай болады", - деп уәде берді ол.

Сондай-ақ Трамп Ақ үйде өткен брифингте коронавирустың Қытайдан тыс таралуын түсіндіріп берді.

Америкалық көшбасшы Қытай коронавирустың әлемге таралуына әдейі кедергі жасамаған деп топшалайды. "Не істей алмады, не болмаса, оны жасамауды жөн көрді", - деп пайымдайды Трамп.

АҚШ президенті Қытайдың инфекция таралуына жол бермеу үшін барлық құралдары бар, дамыған ел екенін атап өтті. "Сол кезде қытайлықтар Қытайға рейстерді тоқтатып, бір мезгілде ҚХР-дан рейстердің ұшуына рұқсат еткені, таңқаларлық", - деп қосты Трамп. 

Америкалық көшбасшы сондай-ақ Пекин 2020 жылғы президенттік сайлауда АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байденнің жеңісін қалайтынын айтты. "Сол кезде олар біздің елмен қалайтындардың барлығын жасай алады", — деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Трамп Пекинді коронавирустың шынайы ауқымын жасырғаны үшін бірнеше рет айыптады. 


Қытайлық ғалым коронавирус жасады деген айыптауларға жауап берді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр