Трамп егер Дания Гренландияны бермесе экономикалық шара қолданатынын мәлімдеді
Дональд Трамп пен Дания премьер-министрі Метте Фредериксен Гренландия мәселесін талқылады. АҚШ президенті егер арал Америкаға берілмесе, елге экономикалық шаралар қабылдайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Financial times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: independent.co.uk
Шетелдік басылым мәліметінше, Трамп пен Фредериксен арасында қызу пікірталас болыпты.
"Онда айтылған әңгімелер мен талаптарды байыппен қабылдау қиын. Менің ойымша, бұл өте қауіпті", – деп жазды басылым.
Басылымның хабарлауынша, Фредериксен әңгіме барысында Дания Корольдігінің автономды бөлігі саналатын аралды сатпайтынын айтты. Алайда бұл Трамптың наразылығын тудырды.
"Трамп Дания премьер-министрінің арал сатылмайды деген мәлімдемесінен кейін ашуға булықты. Тіпті қарсылығын білдіріп, ауыр әңгімелер айтты. Ол Данияны тарифті қымбаттату сынды нақты шаралармен қорқытты", – деді еуропалық шенеуніктердің бірі.
Дания премьер-министрінің кеңсесі "анонимді дереккөздер берген дерекке” түсініктеме бермейтінін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Гренландия премьер-министрі Муте Эгеде Даниядан тәуелсіздік алуды талап еткен еді.
Айта кетейік, Гренландия – 2,1 миллион шаршы метр ауданы бар әлемдегі ең үлкен арал. Бірақ оның халқы небәрі 56 мың адам ғана. Ол 18 ғасырда Данияның колониясына айналды. 1979 жылғы референдумнан кейін Гренландия Данияның құрамындағы өзін-өзі басқаратын автономиялық аймақ болды. 2009 жылы кезекті референдумнан кейін Копенгаген өз автономиясын кеңейте отырып, Гренландияда үй ережесі туралы заң қабылдады.