Трамп АҚШ-тан өз еркімен кетуге келісетін заңсыз мигранттарға ақша төлеуге уәде берді
Ақ үй заңсыз мигранттарды шығару бойынша жаңа бағдарламаны іске қоспақ. Дональд Трамп АҚШ-тан өз еркімен кетуге келісетін заңсыз мигранттарға ақша төлеуді уәде етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Трамптың айтуынша, "өзін-өзі депортациялау" бағдарламасы аясында заңсыз мигранттар стипендия мен болашақта АҚШ-қа оралуға мүмкіндік алады.
"Біз оларға ақша мен ұшақ билетін береміз. Егер олар жақсы әрекет етсе, біз мүмкіндігінше тез қайтару үшін олармен жұмыс істейміз", — деді АҚШ президенті.
Заңсыз көші-қонмен күресу – Трамптың сайлауалды уәделерінің бірі. The Washington Post газетінің хабарлауынша, оның әкімшілігі жыл соңына дейін АҚШ-тан миллион адамды депортациялауды жоспарлап отыр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады