АҚШ-та Трамп пен Маскқа қарсы жаппай митинг өтіп жатыр
Америка Құрама Штаттарында белсенділер Дональд Трамп әкімшілігінің саясатына қарсылық білдіріп, наразалық акциясына шықты. Сондай-ақ америкалықтар ел үкіметі жұмысының тиімділігін арттырумен шұғылданатын Илон Маскқа да наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: CNN
CNN арнасының мәліметінше, белсенділер 50 штатта 1400-ден аса акция өткізуді жоспарлап отыр. "Hands Off!" (Қолыңды тарт!) деп ұрандатқан белсенділер штаттардағы заңды, федералды мекемелердің және конгрессмендердің кеңселерінің алдына жиналды.
Деректерге сүйенсек наразылық білдіруге 600 мыңға жуық адам жиналған. Ал негізгі талаптарының ішінде "миллиардерлердің билікті жаулап алуын доғаруды" және Трамп кеңсесіндегі жемқорлықты тоқтату бар. Сондай-ақ олар денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру бағдарламаларын қаржыландыруды, иммигранттар мен трансгендерлерге шабуыл жасауды тоқтатуды талап етіп отыр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады