Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп әкімшілігі бір жыл ішінде АҚШ-тан бір миллион мигрантты депортациялауды жоспарлап отыр – The Washington Post

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі мемлекет басшысы ретіндегі бірінші жылында елден миллионға жуық заңсыз мигранттарды депортациялауды жоспарлауда.  Мұны елдің төрт белсендісі мен бұрынғы федералды шенеуніктер мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат  агенттіг The Washington Post газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Олардың айтуынша, шенеуніктер арасындағы жеке әңгімелерде бұл көрсеткіш үнемі айтылады.

“Бұл Барак Обаманың президенттігі кезінде (2009 — 2017) бір жыл ішінде 400 мың адамды депортациялау бойынша алдыңғы рекордтан едәуір асып түспек”, – деп атап өтті басылым.

Мақалада айтылғандай, сарапшылар бұл санды шындыққа жанаспайды деп санайды. Өйткені бұл тапсырма үшін қаржыландыру мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жеткіліксіз. Сонымен қатар, газет атап өткендей, мигранттардың көпшілігі сотта депортацияға қарсы шығуға құқылы.

Трамп сайлау науқаны кезінде АҚШ-тан "миллиондаған" мигранттарды депортациялағысы келетінін айтты.

“Трамп әкімшілігіне елден қанша адамды жер аударғанын бақылау қиын болады. Өйткені шенеуніктер тиісті ай сайынғы статистиканы жариялауды тоқтатты”, –  дейді журналистер.

The Washington Post сілтеме жасаған Ұлттық қауіпсіздік департаментінің мәліметі бойынша, 2025 жылдың басынан бері АҚШ-тан 117 мың адам шығарылған.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ мигранттарға заңды қатаңдатқан еді. 

Талқылау