"Toyota көлігі ұтысқа тігілді": Қазақстандықтар арасында жалған сілтеме таралуда
Мессенджерінде Toyota компаниясының 100 жылдық мерейтойына орай өткізілетін автокөлік ұтысы ойнатылып жатқаны туралы айқпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпарат жалған болып шықты. Toyota компаниясы қазіргі кезде Қазақстанда мұндай акция өткізіп жатқан жоқ. Toyota-ның Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ресми дилері "Астана Моторс" компаниясы ұтыс туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Желіде Toyota брендінің 100 жылдығына орай сыйлықтар ойнатылатыны туралы жалған хабарламалар тарауда. Сіздерді алаяқтардың іс-әрекеттеріне берілмей тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Қандай да болмасын акциялар, жүлделер ұтысы және т.б. арнайы бағдарламалар туралы ақпарат ресми ресурстарында жарияланады. Хабарламалар мессенджерлер арқылы таратылмайды", - деп хабарлады компанияның PR-қызметі.
Toyota компаниясының негізі 1937 жылы 28 тамызда қаланған. Демек, бренд 100 жылдығын тек 2037 жылы ғана атап өтеді.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр