Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойдан шықпайтын Жанболат пен Жазира алғаш рет демалысқа аттанды

Үнемі тойда жүрген сәті көзге ілігетін Жанболат пен Жазира алғаш рет демалысқа аттанды, деп хабарлайды Stan.kz.

Отандық танымал жұп Жанболат пен Жазриа жиі демала бермейді. Оны әншілердің тыңдармандары да байқап, олардың демалмайтынын, үнемі тойда жүретінін және концерт бермейтінін айтып жатады. Тыңдармандарының пікірінің дұрыстығын мойындаса керек, жұлдызды жұп Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа аттанып, жиі демалып тұруға уәде берді.

«Бүгіннен бастап аман болсақ жиі демалысқа барып тұрамыз, денсаулығымызды бірінші орынға қоямыз деп өзімізге уәде бердік. Осы күнге дейін үздіксіз жұмыс істеп, өзімізді аямай жүргеніміз үшін өзімізден кешірім сұраймыз!» – деп жазды Жазира Байырбекова Instagram желісіндегі парақшасында.

Ал әншілердің желідегі оқырмандары оларға жақсы демалып, күш жинап қайтуды тілесіп жатты.

Оқи отырыңыз:

Фархад Абдраимовтың жаңа фильмінде кейіпкердің пәктігі сатылымға шығарылды

Жан Мұқанов: Тек той әншілері ғана ауылға барады

Отандық жұлдыздар қысқы демалыста қандай оқиғаларға тап болды?

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет қайта табысты (фото)

Талқылау