Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Той жасап, пәтер алған": Өскемендік үй қызметшісі 60 миллион теңге ұрлады

Өскеменде 21 жастағы үй қызметшісі үй иесінен 60 миллион теңге ұрлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сейф

Көрнекі сурет

21 жастағы қыз бір ай ішінде сейфтен 130 мың доллар ұрлаған. Тонаған ақшаға той жасап, пәтер мен көлік алып, тіпті шетелге саяхаттап келген. 

Күдікті алғашында үйден 10 000 доллар ұрлап, сол ақшаға шетелге барып қайтты. Үй иелері ештеңе күдіктенбегенін байқап, кейін сейфтен ақша жымқыруды әдетке айналдырған. 


  • Ақтөбелік әйел "инвестиция жөніндегі сарапшының" нұсқауымен 6 миллион теңгеден қағылды

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны тауып, уақытша ұстау изоляторына салды. 

Қазір “Қомақты сомадағы ұрлық” ҚР ҚК188 бабының 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

 

 

Талқылау