Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Той баққаннан, қой баққан жақсы": Танымал асаба карантин кезінде қиналып кеткенін айтты

Атырауға белгілі асаба Нұртілек коронавирусқа байланысты енгізілген карантин кезінде қаншалықты қиналғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ жайық" басылымына сілеме жасап.

Асабаның айтуынша, крантин басталғанда қатты қиналған той саласында жүргендер болды. Әсересе, Нұртілек секілді көп балалы әкелерге табысынан айырылу оңайға соқпаған екен. 

"Алғашында той тоқтап қалғанда, қиналдық. Бірақ оған да үйренуге болады екен. Мені көбі аптасына 2-3 тойға шығады, ақшасы көп деп ойлайды. Бірақ олай  емес. Мен де көп балалы әкемін. Басымда үш несием бар. Әрқайсысынан кем дегенде 20-30 мың теңге алдын ала төлем алып қойғанмын. Оның барлығын бір мезгілде қайтарып беруге мүмкіндігім болмады. Ақшасын бірінші болып сұрағандарға қайтаруға тырыстым. Тойларын айдан айға шегеріп, соңында той болмайды деп ақшасын сұрағандарға жағдайды түсіндіріп, кешірім сұраудан басқа амалым болмады", - дейді Нұртілек.

Алайда, біршама жұмыстарын бітіріп, қажетті нәрселерді жасап алғанын айтады Нұртілек. Дегенмен, дипломсыз асабалар тіпті отбасын асырағанға ақша таппай қалды. Сондықтан той жүргізгенге қарағанда, қой бағып пұл тапқан жақсы екен дейді ол. 

"Үйге жөндеу жасап, ауылға, анамның қасына барып келдім. Бұрын күйбең тірліктен қол тимей көптеген жақындарымыздың жағдайынан хабарсыз қалған екенбіз. Карантиннің тиімді жағы сол болды. Иә, арасында палаткадағы, кейде үй ішіндегі қонақтықтарға барып жүрмін. Шақырған жерге қалтама антисептик салып,  бетпердемен барамын. Денсаулық өзің үшін керек. Кейбір әріптестерім диплом бойынша жұмыс қарастырып кетті, менде диплом да жоқ. Қазіргі жағдай ұзаққа созылса, ауылға барып қой бақсам ба деп ойлап отырмын", - дейді Нұртілек.   

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр