Тотықұстар туралы қызықты мәлімет
Тотықұс – өте қызықты құс және бұл олардың кейбіреулерінің сөйлей алатындығына байланысты емес. Ақылды және күлкілі құстардың көптеген елдерде үй жануарлары ретінде танымал болғандығы тегіннен тегін емес, деп жазады Stan.kz.
- Тотықұстарда ырғақ сезімі жақсы дамыған. Олар шын мәнінде ырғақты музыкаға билей алады.
- Қазіргі таңда адамдардың қызметі мен браконьерлікке байланысты тотықұстың барлық түрлерінің үштен біріне жуығына жоғалып кету қаупі төніп тұр.
- Австралияда тотықұстарды сөйлеуге үйрететін арнайы мектептер бар.
- Көптеген тотықұс ішімдікті жақсы көреді. Табиғатта олар алкогольді ашыған жемістер мен жаңғақтарды жеп алады.
- Шын мәнінде, тотықұстар әдеттегідей сол сөздің мағынасында сөйлей алмайды. Олар тек есте сақтап, сөздерді қайталайды. Алайда, олар сөздерді ғана емес, басқа да дыбыстарды есте сақтап, қайталай алады.
- Тотықұстарда дауыс желбезегі жоқ, сондықтан олар барлық дыбыстарды тілі мен тұмсығы арқылы шығарады.
- Ең кішкентей тотықұс түрі Жаңа Гвинеядағы Папуа мекендейді. Бұл түрдегі ересек тотықұстың үлкендігі, дәлірек оның денесінің ұзындығы 8-9 сантиметр.
- Ең үлкен тотықұс – амазонка тотықұсы, олардың үлкендігі үш жасар баланың денесіндей. Жалпы олардың денесінің ұзындығы 1 метрден асуы мүмкін.
- Жабайы табиғатта үлкен топпен жүрген тотықұстарды да кездестіруге болады. Бұрын-соңды байқалған ең ірі топта 70 мыңға жуық тотықұс болған.
- Какаду тотықұсы азық-түлік іздеуде бір тәуліктің ішінде жеті жүз километрден аса қашықтыққа ұша алады.
- Көптеген тотықұстар өсімдікпен қоректенеді және кейде жәндіктерді ұстап жейді. Бірақ кеа тұқымды тотықұстар нағыз жыртқыштар, олар тіпті қой секілді ірі жануарларға шабуыл жасайды.
- Ежелгі Римде құлдарға қарағанда тотықұс қымбат тұрған.
- Стив Ирвин есімді танымал табиғат зерттеушісі аллигаторлармен және улы жыландармен оңай жұмыс істеген, алайда оның фобисы – тотықұс болды. Ол тотықұстан қатты қорққан.
- Бірде АҚШ-та үй тотықұсы пәтер ұрлығына қатысты істі ашуға көмектескен. Сонда бос пәтердегі қылмыскерлер бір-бірінің есімін атаған кезде, тотықұс олардың атын жаттап алған. Ал полиция келгенде тотықұс әлгі ұрылардың есімін бірнеше рет қайталаған.
- Жако деп аталатын ең «ақылды» тотықұс шамамен төрт жүз сөз білген.
- Кішкентай тотықұстар 15-25 жыл өмір сүреді, бірақ ірілері жүзге дейін өмір сүре алады. Олар ұзақ жасайтын құс.
- Бүгінде бүкіл әлем бойынша табиғатта өмір сүретін жабайы тотықұстарға қарағанда, үй тотықұсы көп.
- Барлық сансыз құс түрлерінің ішінде тек тотықұстар ғана тамақты аяғымен ұстап, жұта алады.
- Тотықұстар шамамен үш мың жыл бұрын үйде ұстала бастады.
- Какаду тотықұсы басында орналасқан айдарын қозғалта алады.
- Көптеген тотықұстар жылы климатта өмір сүреді, бірақ жоғарыда айтылған кеа тотықұсы суықта, тауларда өмір сүргенді жақсы көреді.
- Көптеген тотықұстар мысалы, какаду 10 сантиметр болатын тұмсығымен адамның саусағын оңай тістей алады.
Талқылау