Төтенше жағдайлар министрлігінің шенеуніктері пара алды деген күдікке ілінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық ведомстволарының басшылары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарына ("үйқамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды) және Алматы облысы Қапшағай қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығына сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айып тағылды.
"Олар адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы казино өкілінен 1000 АҚШ доллары сомасында жалпы қамқорлық үшін пара алды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабынасәйкес тергеу мүддесіне орай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды", - деді ведомстводан
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"