Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы су тасқыны: Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі қазіргі жағдай туралы айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

су тасқыны

Фото: видеодан скриншот

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Шығыс Қазақстан облысының Алтай аймағындағы су тасқыны жағдайы тұрақталғанын айтты.

Атырау облысында жағалауларды бекіту жұмыстары жалғасып жатыр. 

"Кейінгі 5 күнде Құлсары қаласында 176 үйдің суы бұрылып, сорылды. Қалған су басқан 180 үйді мотопомпалар мен қуатты жылжымалы сорғы станциялары арқылы тәулік бойы сору жүргізіліп жатыр", – деді Асқар Шәріп.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардың суын тазарту жалғасып жатыр.

"Республика бойынша 8 378 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 48 750 адам үйіне оралды. Апатты құтқару жұмыстарына барлығы 14 251 адам мен 1 428 техника, 239 су сору техникасы мен 75 жүзу құралы және 4 ұшақ жұмылдырылды", – деп түйіндеді ол.

Талқылау