“Тосынсый жасаймын”: Шымкентте әлеуметтік желіде танысқан жігіт қызды кездесуге шақырып, күштеп несие алдырған
Шымкентте бойжеткенмен әлеуметтік желіде танысқан жігіт оған “тосын сый жасаймын” деп пәтерге апарып қарақшылық жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала тұрғыны бірнеше күн бұрын интернетте танысқан жігітпен сөйлескен. Жігіт қызға тосынсый дайындағанын айтып, көзін байлап, пәтерге алдап кіргізген. Кейін қыздың қолын байлап, асүй пышағымен қорқытып, оны онлайн шағын несиеге өтініш беруге мәжбүрлеген.
“Қаскүнем ақшаны дереу есепшотына аудартып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жігіт бірнеше сағаттың ішінде қаладағы Арбатта ұсталды . Ол жақында ғана мегаполиске ақша табу мақсатында келген Орал қаласының тұрғыны болып шықты”, – делінген хабарламада.
Күдікті ізін суытпай уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"