"Төсек тартып жатырмын": Мақпал Жүнісова атышулы видеосынан кейінгі жағдайын айтты
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова атышулы видеосынан кейін әлеуметтік желіден көрінбей қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Бір аптадан кейін халықтың ерке қызы жеке парақшасында видео жариялап, оқырмандарымен сырласты.
“Өмірден өтіп кететін сияқты күйде төсек тартып жатырмын. Ешкімге тіл тигізген жоқпын, аман болыңыздар! Күз айы мен үшін депрессия. Осы айда қатты күйзеліске түсемін. Зәкеңнен айрылып, жаралы жүрек осы күнге дейін шерлі. Осы күнге дейін өлтірген адамды таба алмай, халықтың алдында ешкімді ұстап бермеді. Сол ашылған күні тек айран ішер едім”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, желі қолданушылары қызу талқыланған видеода оның ішімдік ішкенін жарыса жазған еді.
“Мен мас емеспін. 1 литр қымыз ғана іштім. Мен де адам баласымын. Үйімнің құрылысы бітпей жатыр. Соған ашуланып қаламын. Жалғыз өзім жүрген қатын емеспін бе?”, – деп мұңын шаққан еді өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін Алмат Сақатов Мақпал Жүнісоваға араша түсіп, халықтан сөз естіген еді.