Төртеуі балалар: Атырау облысында жол апатынан бір отбасынан 6 адам қайтыс болды
18 маусымда таңертең Атырау – Ақтөбе трассасында Lada Priora және Yutong автобусы соқтығысып, бір отбасынан алты адам қаза болған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі полиция таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан 1985ж.т., 2013ж.т., 2016ж.т., 2019ж.т., 2021ж.т., жолаушылары оқиға орнында қаза болып, Lada Priora автокөлігінің 1982ж.т., жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапты.
- Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Атырау облысында автобус түгі қалмай жанып кетті (видео)
Қаза тапқандар төрт баласы бар ерлі-зайыптылар, яғни бір отбасы.
Аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Автобуста отырған жолаушылардың жағдайы айтылмайды. Жол апатына ұшырағандардың аты-жөндері де хабарланған жоқ.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?