Төрт жасар баланы ауру түлкі тістеп алған соң Ақтөбе облысындағы ауыл карантинге жабылды
Ақтөбе облысындағы Жаманкөл ауылында төрт жасар баланы түлкі тістеп алған соң құтырма ауруына байланысты карантин енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Әділет порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерге сай мұнда құтырма ауруына байланысты жасалған сынама оң нәтиже берген.
"Қобды ауданы, Жарық ауылдық округі, Жаманкөл ауылындағы "Ер-Темір" шаруа қожалығының аумағында құтыру ауруына вирусологиялық сынаманың оң нәтижесіне байланысты: ИФТ, ДПР, бактериологиялық зерттеу нәтижелері бойынша бас миының биосынамалары және 5 шілдедегі Ведомстволық ведомствалық мемлекеттік мекемесінің эпизоотологиялық сараптама бөлімінің актісіне сәйкес шектеу қою іс-шаралары белгіленсін. ", - делінген Иманғазина ауылдық округінің құжатында.
Еске салсақ, 4-шілдеде отбасы өзенге шомылып жатқанда кенет қамыс арасынан түлкі шығып, балаға шабуыл жасаған болатын. Құтырма ауруы бар түлкі оны тістеп алды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған