Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлінің бесінші баласы өмірге келді

Төреғали бесінші рет әке атанды. Жары әншіге шекесі торсықтай ұл сыйлады. Әнші халықтан сүйінші сұрап, қуанышын бөлісті. 

Төреәлі Димаш Құдайбергенмен бәсекелеспек: Төреғали Қытайда үлкен жоба бастамақшы

"Кәусар қызымыз дүниеге келгенде Хайнаньда болдық. Тоғжантай дүниеге келген кезде Алматы қаласында болдық. Фатима дүниеге келген кезде Қытайда Фошанда болдық. Төренұр дүниеге келді деп естігенде Оралдан Ақтөбеге гастрольдік сапармен барған болатынбыз. Ал бүгін біз Нұр-Сұлтандамыз, ағайын. Сүйінші, ұлды болдық", – деді өнер иесі. 

Әнші Аллаға мадақ айтып, шүкіршілік етті. 

“Қасиетті жұма күні атұстар ұлмен сүйіншілеген Алла тағалаға сансыз шүкіршіліктер болсын”, – деп жазды ол. 

Көпшілік құтты болсын айтып, ақ тілегін арнады. 

“Бауы берік болсын, ақ Төреш! Елдің ері болсын”, – деп жазды Сәкен Майғазиев. 

“Бауы берік болсын! Өмір жасы ұзақ болсын! Алаштың ардақты азаматына айналсын”, – деп жазды Нартай Аралбайұлы. 

“Қандай керемет жаңалық. Бауы берік болсын”, – деп жазды Мөлдір Мұқанова. 

“Бауы берік болсын! Аман болсын азамат”, – деп жазды журналист Әйгерім Сейфолла.

Төреғали қос қуанышын қатар бөлісіп, асқар тау әкесіне өлең арнады. 

“Әкетай тарылмасын тынысыңыз,
Әрқашан оңға бассын жұмысыңыз.
Оңтүстіктен құттықтап солтүстіктен
Тілек айтты батыс пен шығысыңыз.
Абыроймен өткіздік туған күнді
Жиналып ағайын-жұрт туысымыз.
Туған күнде туылды немереңіз
Бұл дағы бақытыңыз, ырысыңыз.
Оригинал ТТ-лар келіп жатыр
Солардың тәрбиесіне кірісіңіз.
Немереңнің келіні сәлем салып
Шөберенің қолынан су ішіңіз!”, – деп жазды әнші. 


Талқылау