Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали күйеу баласын қалай қабылдады

Ұлы дала баласы туған күнін тойлады. Төреғали өзін туға күнімен құттықтай келген күйеу баласын қалай қабылдады?

Төреғали күйеу баласын қалай қабылдады

Бұл кеште әншінің қарындасы мен болашақ күйеу баласы Дархан да бой көрсетті. Әлі заңды күйеу бала атанбағанымен қарындасы мен сүйіктісі Төрешті туған күнімен құттықтап, қуанышына ортақтасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ShowNewsKZ бағдарламасына сілтеме жасап.

Әнші күйеу баласын қалай қабылдады?

"Бәрі жақсы қабылдаған секілді. Бастапқыда толқыдым. Қалыңдығының отбасымен танысу, әкесімен, ағасымен танысу бәрі үшін қиын деп ойлаймын. Бірақ қазір бәрі жақсы",  - дейді Дархан Нортаев.

Оның сөзін сүйіктісі де қостады. 

"Менің ағам қатал көрінгенімен өте ақкөңіл жан. Жақсы қабылдайды. Дарханға інісіндей қарайды. Тойымыз жақында болады. Екі жақ келісіп жатыр", - деді Төреғалидің қарындасы Фариза. 

Қазақстандық спортшы Дархан Нортай бұған дейін Фаризаға көңілін білдіріп, ұсыныс жасаған еді. 

Талқылау