Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойынында жеңіске жеткен спортшыларды марапаттауға уәде берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отырғанын мәлімдеді. Ол елге жеңіспен оралған спортшыларды арнайы марапаттайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент мұны Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы жеткізген.
“Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі. Президент бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді. Оған қоса ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін айтты”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Бішкектегі VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны туралы жазған едік.
2024 жылы Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлдемен жалпы командалық есепте бірінші орын алған еді.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?