Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Дастан Рыспековты Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатты

Дастан Рыспеков
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

17 шілдеде Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды”, – деп жазды Ақорда.

Дастан Рыспеков 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Алматы заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің кірістер түсімін болжау бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2007-2016 жылдары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласының Тексеру комиссиясында, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде басшылық қызметтер атқарған.

2016-2018 жылдары "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясында бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – бас бухгалтері болды.

2018-2019 жылдары Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасын басқарды.

2019 жылдың сәуірінен бастап "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020-2023 жылдары Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болды.

2023 жылдың тамыз айынан бастап Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске салсақ, Атырау облысының әкімі қызметінен кеткен еді.

Айым Болатқызы
Жұма, 17 Шілде, 2026 11:49