"Топтық жазатайым оқиға": Еңбек комитетінің басшысы қайғылы оқиғаға кінәлілерді қандай жаза күтіп тұрғанын айтты
"Казахстанская" шахтасында құтқарушылар өртті сөндіру және үш кеншіні іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Еңбек комитетінің басшысы Төлеген Оспанқұлов "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнындағы қайғылы оқиғаға кінәлілерді қандай жаза күтіп тұрғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Адамдардың өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиғаны тексергеннен кейін материалдар сотқа жіберіліп, қауіпсіздік техникасы мен қызметтік нұсқаулықты бұзғандардың жауапкершілігі анықталады.
Бұл топтық жазатайым оқиға. Қылмыстық кодекске сәйкес, егер сот шынымен де басшылық кінәлі деп таныса, онда жеті жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – деді Оспанқұлов.
Сондай-ақ ол ұжымдық шарт бойынша қаза тапқан кеншілердің отбасыларына он жылдық еңбекақы төленіп, балаларды жоғары оқу орындарында оқытуға көмектесіп, пәтер сатып әперу керектігін айтты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі