Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоннасы 19,3 мың теңгеден: Көмірдің бағасы 5%-ға өсті

Қазақстанда бір жыл ішінде көмір бағасы 5%-ға өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Биыл елімізде қаңтар-қыркүйек айларында лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда, 82,1 миллион тонна тас көмір өндірілген болатын. Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 1,5 пайызға артық. Соған қарамастан көмір бағасы тағы көтерілді. 2021 жылы тас көмірдің орташа бағасы 5,1 пайызға өсті.

Елдің 14 аймағында көмір бағасының өскені байқалып отыр. Шығыс Қазақстан облысында бір жыл ішінде 10,8 процентке қымбаттаса, Жамбыл мен Түркістан облыстарында 8,6 пайызға көтерілген. Батыс Қазақстан облысында ғана биыл 1 пайызға арзандады.



Бір ай бұрын ең қымбат көмір Орал қаласында болған. Ол жерде бір тоннасы 19,3 мың теңгеден сатылды. Таразда – 15,6 мың теңге, Түркістанда 15,3 мың теңге тұрған. Ал ең арзан көмір Семейде 9,8 мың теңгеден сатылған.

Айта кетері, Қазақстанда өндірілген көмірдің басым бөлігі Павлодар облысына тиесілі. Ол жерде биыл 47,9 миллион тонна өндірілген. Одан кейін Қарағанды облысы (27,7 млн тонна) мен Шығыс Қазақстан облысы (6 млн тонна) келеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр