Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атырауда прокурор бас дәрігерді 20 жылға, екі акушерді 17 жылға соттауды сұрады

2 желтоқсанда Атырау облыстық перинаталдық орталығындағы сәбидің өліміне қатысты сот процесінің соңғы кезеңі басталды. Прокурор Нұржан Жангереев бес айыпталушыға қатысты айыптау қорытындысын оқыды.

Ол соттан облыстық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты кінәлі деп танып, оған 20 жылдық жаза тағайындауды сұрады, деп жазады Ақ Жайық

Естеріңізге сала кетейік, Нысанбаевқа алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы кәмелетке толмағандарды қасақана өлтірді деп айыпталуда. Одан бөлек басқалардың сеніп тапсырылған мүлкін иемденді, қызмет бабын асыра пайдаланды және пара алды деп айыпталды. 

Прокурор акушер-гинеколог Асқар Қайыржан мен акушер Жамилә Құлбатырованы 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Олар алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кәмелетке толмаған адамды көрінеу өлтірді деп айыпталуда.

Неонатологтер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаеваны қылмыс туралы хабарламағаны үшін әрқайсысын үш жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.

Айыптаушы тарап айыпталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, БҚО сот-медициналық сараптамасының алғашқы қорытындысымен және Қарағандыдағы екінші (комиссиялық) қорытындысымен толық дәлелденді деп санайды. ОндаТұрумбетова мен Молдағалиеваның жаңа туған нәрестелері тірі туды деген қорытынды шығады.

Прокурордан кейін жәбірленушілер Нұржамал Түрімбетова мен Роза Молдағалиева сөз сөйледі - олар айыптауды толығымен қолдайды. Сонымен қатар, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарын қанағаттандыруды сұрады.

Екеуі де Нысанғалиевтен 10 миллион теңге, Тұрымбетов Қайыржаннан - 10 миллион, Құлбатыровадан - 5 миллион және екі неонатологтен - 2 миллион теңге өндіруді сұрайды.

Еске салайық, жаға ұстатарлық жағдай былтыр қыркүйекте жария болды. Атырау перинаталдық орталықтың 35 жастағы экс-басшысы тірі туған шақалақты мұздатқышқа салды деген күдікке ілінді. Тергеу кезінде Қылмыстық Кодекстің 8 бірдей бабымен айып тағылды

Талқылау