Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Томирис Байсафаның ісін Ресей Федерациясының Тергеу комитеті тексеретін болды

Томирис Байсафаның ісімен Ресей тергеу комитеті айналысатын болды. Бөлім басшысы қазақстандық қыздың қайтыс болуының барлық мән-жайы мен тергеу материалдарын тағы да тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Тергеушілер күмәнданып қалды: Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның ісі бойынша жаңа сараптама жүрзіледі

Бұдан бөлек, қыздың анасы қайғылы оқиға болған МГИМО проректорына да қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етеді.

"Мен Щитьконы (проректор) сот барысында біле тұра жалған куәлік бергені үшін жауапқа тартқым келеді. Ол өзінің алғашқы куәлігі мен арыздарын өзінің қарамағында оқитын студенттерге берген. Бейнекамералар да тек үш айдан кейін алынды. Ал заңгерлердің бірі оған жұмыс істейді. Онда көпшілігі білмейтін көптеген жайттар бар. Сондықтан осы мәселелердің барлығы ашылуы қажет", – деді Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова.


"Қылмыстық іс Қазақстанда қозғалсын": Томирис Байсафаның адвокаты Ресей сотының үкімімен келіспейтінін айтты


 

Марқұмның анасы тергеу комитетінің басшысына жолдаған өтінішінде Мәскеу аудандық сотында іс жүргізу кезінде жіберілген көптеген заң бұзушылықтарды атап көрсетті. Сондай-ақ Жанна Ахметова куәлік берген адамдардың сөзіне де сенбейді. Әйел олардың барлығын жалған куәгерлер дейді. Іс бойынша жаңа таңдау алдағы күндерге жоспарланған. 

Естеріңізге сала кетейік, Томирис Байсафа 2018 жылдың сәуірінде МГИМО ғимаратының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алған қыз сол күйі есін жимастан көз жұмды.

Томирис терезеден құлаған күні күдікті жігітпен аудитория ішінде қызыл кеңірдек боп ұрысқанын көрген студенттер бар. Және қазақ қызы мен дағыстандық бай баласы екі жыл жақын қарым-қатынаста болған. Атышулы істе "Кісі өлтіру" бабымен айыпталған Дағыстанның экс-премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов сотта ақталып шықты. 

Талқылау