Төлінен айырылып, қайғыға батқан дельфин оның өлексесін тастамастан алты күн бойы жүзген

Үнді мұхитында ғалымдар сирек кездесетін жағдайдың куәсі болды. Төлінен айырылған ұрғашы дельфин алты күн бойы оның өлексесін алып жүрген. Ал 14 дельфиннен тұратын үйірі оларды жалғыз қалдырмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SWNS порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Теңіз жануарларын зерттеумен айналысатын Geographe Marine Research ұйымының директоры, 53 жастағы Родни Питерсонның айтуынша, Фрэггл есімді ұрғашы дельфин төлін қыста дүниеге әкелген. Алайда болжам бойынша, кішкентай төлі суық ауа райы әсерінен тыныс алу мәселелеріне байланысты өліп қалған. Кейін алты күн бойы өлген төлінен ажырамай, қайғыға батқан анасының әрекеті видеоға түсіп қалған.
"Дельфиндер өте сезімтал жануарлар және өз ұрпағын қатты жақсы көреді. Олар төлдерін кішкентай баласындай қабылдайды. Кейде қайғыдан бір апта бойы қоректенуден бас тартуы мүмкін", – деді Питерсон.
Бір қызығы осы уақыт бойы Фрэгглмен бірге оның 14 дельфиннен тұратын тобы олардың жанында болған. Ғалымның айтуынша, мұндай жағдай табиғатта өте сирек кездеседі. Әдетте басқа дельфиндер мұндай сәттерді алыстан бақылап қана қояды екен. Ал бұл жолы олар топ мүшесіне қосылып, бірге жүрген. Питерсонның айтуынша, Фрэггл бұған дейін де төрт рет төлінен айырылған.
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Оқыңыз