"Толық жеңу керек": Израиль ХАМАС-пен келісімге келуден бас тартты
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС ұсынған атысты тоқтату шарттарын қабылдамады. Ол Газа секторында бірнеше айда жеңіске жететініне сенімді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС ұсынған шарттар бойынша Газа секторында атысты тоқтатудан бас тартты. Ол сондай-ақ АҚШ-тың Газада тез бітімге келу әрекетін жоққа шығарып, шайқастардың жалғасатынын айтты.
Нетаньяхудың айтуынша, Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалғыз жолы –ХАМАС-ты толық жеңу. Премьер-министр жеңісті күн жақын екенін және бірнеше айдың ішінде қол жеткізуге болатынын баса айтты. Ол Израиль қорғаныс күштерінің Газа секторының оңтүстігінде операция бастау туралы бұйрық алғанын растады.
"ХАМАС-ты жоюдан басқа балама жоқ. Әйтпесе ХАМАС-тың азаматтық үкіметі әскери жеңіліссіз құламайды", – деді ол.
Еске салсақ, Халықаралық сот Израильдің Газадағы әрекетін "геноцид" деп атады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді