Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Төлешовке тиесілі сәйгүліктердің тағдыры белгілі болды

Кәсіпкер Тоқтар Төлешовтен тәркіленген сәйгүліктерді атбегілер спорттық жарыстарға дайындап жатыр.

Сурет: OtyrarTV/Видеодан кадр

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.

Тәркіленген сәйгүліктер ОҚО балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған ұлттық спорт мектебінде жаттықтырылып жатыр.

Экстремизм және басқа да қылмыстары үшін жазаға тартылған кәсіпкер Төлешовтің 4 сәйгүлігі конкурге дайындалуда. Жаттықтырушылар Эластик атты ағылшын-тракен сәйгүлігіне үлкен үміт артып отыр.  Ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және Азия біріншілігінің жеңімпазы атақтарын иеленген.

Ал ағылшын сәйгүлігі Разброд аяғын сындырып алғандықтан, оны Шымкент хайуанаттар бағында сойып тастаған еді. Сәйгүліктің еті хайуанаттар бағының қызметкерлеріне сатылған.

Айта кетсек, Төлешовке тиесілі болған 24 жылқының әзірге төртеуі ғана спорттық жаттығуларға жарайды екен.

Оқи отырыңыз:

Бердібек Сапарбаев орамал мәселесін үш айда жоюға тапсырма берд

KZ 001 GGG сериалы автокөлік нөмірі желі қолданушыларының қызу талқысына түсті

Намысымды таптады: Ер адам өзге ұлт өкілімен бірге отырған қазақ қызын жұлқылап, балағаттап тастады (видео)

Қарағандыда шаштараз төрт жасар баланың құлағын кесіп алды

Талқылау