Токиодағы Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі
Токиодағы Паралимпиадада жүлделі орынға ие болған қазақстандық спортшыларға қанша сыйақы берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Паралимпиада Қазақстан қоржынына алтын алып келген пауэрлифтер Давид Дегтяревке мемлекеттен 250 мың доллар берілмек. Ал күміс еншілеген Әнуар Сариев, Зарина Байбатина және Теміржан Дәулеттің әрқайсысына тағайындалатын сыйақы сомасы 150 мың долларды құрайды. Су спортынан қола иеленген Нұрдәулет Жұмағали мемлекеттен 75 мың долларлық сыйақы алады.
Бұға қоса, бесінші орынға табан тіреген спортшылар Рахметжан Хамаев, Алина Солодухина, Жанбота Аманжол және Нұрлан Домбаевқа 10 мың доллар берілсе, жарысты алтыншы орын аяқтаған Ержан Сәлімгереев, Сиязбек Далиев және Дастан Мұқашбековке 5 мың доллар табысталады.
Паралимпиадаға қатысқан спортшыларға жалпы 860 мың доллар төленбек.
Қазақстан Токио Паралимпиадасындағы ойындарын аяқтады: Нәтиже қандай?
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"