Токио Олимпиадасы: Балуан Демеу Жадыраев алғашқы айналымда қарсыласына жол берді
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық спортшы Демеу Жадыраев қарсыласынан жеңілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.
Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен белдесулер жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан сапынан бозкілемге Демеу Жадыраев шықты.
Ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жапониялық Якибу Сохейге жол берді. Тартысты белдесу 5:3 есебімен жапониялық балуанның еншісіне шешілді.
Айта кетерлігі, Якибу Сохей финалға шыққан жағдайда Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған