Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға өтті
Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин өз тобында төртінші нәтиже тіркеді. Ал жалпы есепте жетінші орынмен Олимпиаданың жартылай финалына жолдама алды.
Айта кетелік, жартылай финал бәсекесі ертеңге жоспарланған.