Тоқаевтың баспасөз хатшысының "алтын" сағаттары желіде қызу талқыға түсті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли таққан "алтын" сағаттар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен. Алайда Берік Уәлидің өзі қымбат сағаттар тағатынын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бұған дейін қазақстандық Telegram-арналардың бірінде Уәлидің қолындағы сағаттар шамамен 30 мың доллар тұратыны жайлы ақпарат тараған.
13 ақпанда мемлекет басшысы қаңтар оқиғаларынан кейін қаза тапқан азаматтардың 40 күндігіне орай Хазірет Сұлтан мешітіне барған. Осы кезде баспасөз хатшысының да болғанын көруге болады.
Берік Уәли ақпараттың жалған екенін және сағаттардың бұдан әлдеқайда арзан екенін айтады.
"Жылтыраған сағаттың бәрі алтын емес", – деді ол.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар