Тоқаев қызметкерлерінің жемқорлығына жауапты министрлер туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу» туралы заңға қол қойды. Заң мәтіні баспада басылып шығады», - деп хабарланды Ақорда сайтында.
Түзетулерде жетекшінің жеке басына қатысты жауапкершілігі, оның ішінде қол астындағы қызметкері жемқорлық жасаған жағдайда минстрлер мен әкімдерге қатысты ережелер қамтылған.
«Егер біз жемқорлықты жойғымыз келсе, менің түсінігімде, өз қызметкерлері жемқорлық жасаса, мемлекеттік органдардың басшылары өз еркімен отставкаға кетуі қажет. Отставканы қабылдау не қабылдамау – Мемлекет басшысының құзыреті, бірақ отставкаға өтініш беру міндетті шара», - деді Президент.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды