Тоқаев жаңадан тағайындалған қорғаныс министріне идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыруды тапсырды

Фото: ortcom.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, 8 маусымда президент Руслан Жақсылықовты қызметінен босатып, орнына Дәурен Қосановты қорғаныс министрі лауазымына тағайындаған еді. Қосанов 2024 жылғы 28 қыркүйектен бері Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарған.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар