Қазақстанда екі министр ауысты: Үкіметтің толық құрамы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің толық құрамын бекітті. Жаңа құрамда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және Ұлттық экономика министрі ауысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Аида Ғалымқызы Балаева – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Алексей Владимирович Цой – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі;
Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Әсет Арманұлы Ерғалиев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
Енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін Серік Шапкенов басқарады. Оған дейін министрлік басшысы Біржан Нұрымбетов болатын.
Шапкенов 1979 жылы 29 шілдеде Орал облысында дүниеге келген.
2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі Аппаратының құрылымында жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2015-2016 жылдары-ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2016-2018 жылдары Атырау қаласының әкімі болды.
2018 жылдан 2020 жылдың маусымына дейін — Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2020 жылдың маусымынан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.
Жаңа Ұлттық экономика министрі болып Әсет Ерғалиев тағайындалды. Ол 1987 жылы 18 маусымда Қостанайда дүниеге келген. Негізгі мамандығы - экономист.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Қазақстандық менеджмент, Экономика және болжау институты (2008);
- Халықаралық бизнес мектебі, Швеция (2008);
- Йорк Университеті (2009);
- Ноттингем Университеті (2010)
Еңбек өтілі:
- Лондондағы Еуропа Қайта Құру және даму банкі Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша экономикалық саясаттың өңірлік талдаушысы (09.2010-10.2011);
- Лондондағы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің экономикалық департаментінің бас өңірлік талдаушысы (10.2011-11.2012);
- Лондондағы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің экономикалық департаменті банкінің өңірлік экономисі (11.2011);
- "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры, вице-президенті, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (01.2013-2016);
- "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасы (02.2016-10.2016);
- "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі (10.2016-12.2016);
- ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі (12.2016-07.2018);
- ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі (07.2018-09.2018);
- Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Вице-министрі (09.2018-03.2019);
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының Орынбасары (03.2019-08.2019);
- Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі (08.2019 бастап)