Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев утилизация алымын алып тастауды бұйырды

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Оператор РОП-қа" төленетін утилизация алымын алып тастауды бұйырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

утилизация

"Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда "Оператор РОП" компаниясының қызметі көптеген сұрақ туындатып отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Мен Үкіметке "Оператор РОП" утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырамын. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралуы тиіс", –  деді президент. 

Президент бұл мәселені бизнеспен және қоғаммен конструктивті түрде талқылау керегін айтты.

2016 жылдан бастап Қазақстан көлікті импорттау үшін утилизация алымы алынып келеді. Ол АЕК-ке байланысты болғандықтан, жыл сайын өсімі жалғасып келеді. Қозғалтқыштың көлеміне және көлік түріне қарай утилизация көлемі 450 мың теңгеден 14 миллион теңгеге дейін жетеді.

Бұл төлем түрін төлеуге автокөлік өндірушілер, ресми импорттаушылар және Қазақстанға көлік әкелгісі келетін жеке тұлғалар міндетті. Төлем көлікті бастапқы тіркеуге дейін жүзеге асырылатындықтан, бұл бағаны айтарлықтай арттырады.

Елімізде бұған дейін біраз азаматтар утилизация алымына қарсылықтарын білдірген. Мысалы үшін, Алматыда 14 желтоқсан күні бір топ белсенді азаматтардың ұйымдастыруымен "Утилизация алымына жол жоқ" деген ұранмен баспасөз-митингі өткен. 

Талқылау