Тоқаев үкіметке бір ай уақыт берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавируспен күрес және Қазақстанда вакцинацияланған азаматтардың санын арттыру бойынша шаралар қабылдау үшін бір ай уақыт берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгін көтерілген барлық мәселелер үкіметтің ерекше бақылауында болуы тиіс. Жедел іс-қимылдың нақты жоспары қажет. Қабылданған шаралар туралы бір ай мерзімде баяндауды сұраймын", – деді Тоқаев.
Еске салсақ, бүгін президент Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте бірқатар шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар мемлекет басшысы жалған вакцинация паспорттарын жасағандарға қатаң жаза қолдануды тапсырды. Тоқаев денсаулық сақтау нысандарын сынға алды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі